Президенттің пікірінше, алдағы сайлау мемлекетіміздің іргесі мығым екенінің дәлелі болуы керек.
"Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым. Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек", – деді президент.
Оның сөзінше, қазір әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін.
"Сондықтан, елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыру керек екенін жеткізді.
"Ол үшін аталған тағдырлы шешімді қабылдадым", – деді президент.