2023 жылғы IQAir рейтингіне сәйкес PM2.5 бөлшектерімен ауасы ең ластанған елдер қатарында Қазақстан 134 елдің ішінде 40-орынға тұрақтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты finprom порталына сілтеме жасап.
Қазақстанда PM2.5 орташа жылдық концентрациясы текше метріне 22,2 мкг болды, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш текше метріне 23 мкг-ға тең еді. Тиісті көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған ауа сапасының орташа жылдық мәнінен 4,4 есе артық.
Сарапшылар республикадағы ең таза қалаға Шуды, ең лас қалаға Қарағандыны жатқызды.
Әлемдегі ең ластанған елдер қатарында Бангладеш, Пәкістан және Үндістан бар. Француз Полинезиясы, Маврикий және Исландия ең таза елдер болып саналды.
ТМД елдеріне келсек, Қазақстанға қарағанда Қырғызстанда, Өзбекстанда және Арменияда ауа сапасы нашарлау болса, Әзербайжан, Молдова, Ресейдің ауасы таза.