Әлемдегі азық-түліктің 33 пайызы қоқысқа лақтырылады

952

Бұның салдарынан жаһандық экономикаға жылына 1 трлн доллар көлемінде шығын келеді. 

Әлемдегі азық-түліктің 33 пайызы қоқысқа лақтырылады

Осы орайда БҰҰ азық-түліктің оңды-солды лақтырылуын тежейтін арнайы кампания бастамақ. 

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мамандары мейрамхана мен дүкен иелері және азаматтарды тағамды тек жеткілікті мөлшерде сатып алуға шақырды. Ресми дерекке сүйенсек, әлемде жыл сайын 4 млрд тоннаға жуық азық өндіріледі.

"Егер де оны жұмыр жердегі барлық адамдарға теңдей бөліп берсе, ешкім де аш қалмас еді", – дейді ұйым өкілдері. 

Қазір БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы тағам қалдықтарын азайту мақсатында бірнеше әдісті ұсынды. Мысалы, ұйым мамандар олардың сақталу мерзімін өзгертуге, яғни ұзақ сақтауға болатындай қылып өндіруге шақыруда. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу