Әлемдегі бақуатты азаматтардың көбі – Қытайда

1199

Соңғы бес жыл қатарынан магнаттардың саны жағынан Пекин алда тұр. 

 Әлемдегі бақуатты азаматтардың көбі – Қытайда

Әлемдегі бақуатты азаматтардың көбі – Қытайда. Осылайша, АҚШ байлар мекені деген мәртебесінен айырылып, Азия еліне есе жіберген. Мұндай мәліметті Hurun сараптама компаниясы таратты, деп хабарлайды Atameken Business.

Ақпаратқа сүйенсек, соңғы бес жыл қатарынан магнаттардың саны жағынан Пекин алда тұр. Ал Нью-Йоркте жүзге жуық бақуатты азамат тұрады. Шэньчжэнде – 75, Гуанчжоуда 45 адамның табысы жоғары екен. 

Десе де ең дәулетті азаматтардың ондығына Қытай азаматының бірде біреуі кірмепті. Алибабаның негізін қалаған Джек Маның өзі 21-орынға тұрақтаған.

Әлемдік мега-миллионерлердің тізімін Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос бастаса, ізін ала Louis Vuitton жетекшісі Бернар Арно, үшінші орында Билл Гейтс тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу