Әлемдегі барлық хакердің табысы 400 миллион долларға жетті

631

2021 жылдың бірінші тоқсанында 81 миллион доллар болды.

Әлемдегі барлық хакердің табысы 400 миллион долларға жетті

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі әлемдегі бардық хакерлердің табысы 2020 жылы шамамен 400 миллион долларды жетті деген мәлімет жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап. 

"Жаһандық экономикаға бопсалаушы бағдарламалардан келген шығын орасан зор. Олардың қызметіне байланысты төлемдер көлемі бүкіл әлем бойынша 2020 жылы 400 миллион доллардай болды", – деп жазылған хабарламада.

2021 жылдың бірінші тоқсанында хакерлердің табысы 81 миллион доллардан асты. Ақ үйдің мәлімдемесіне сәйкес, мұндай шабуылдар кез-келген ұйымға жасалуы мүмкін.

Осы орайда АҚШ Президенті Джо Байденнің әкімшілігі хакерлік шабуылдармен күресу үшін бірқатар елмен бірлесе жұмыс істейтінін мәлімдеді. АҚШ билігі кибер алаяқтардың инфрақұрылымымен, оның ішінде пайда табуға және қылмыс жасауға мүмкіндік беретін қаржылық инфрақұрылыммен күрес жүргізуді жоспарлап отыр. 

Табиғат Нұрболат

Фото: Shutterstock.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу