Әлемдегі ең ақылды адам белгілі болды

153

Бүгінде әлемдегі ең жоғары IQ иесі – 50 жастағы Теренс Тао, ол Калифорния университетінің (Лос-Анджелес) профессоры.  

Әлемдегі ең ақылды адам белгілі болды Фото: rd-robot.ru

Sciencefocus порталының мәліметінше, Таоның IQ көрсеткіші – 230 балл. Бұған дейінгі ең жоғары тіркелген нәтижелер 200 бен 250 балл аралығында болған.

"Математика Моцарты" атанған Тао 9 жасында университет деңгейінде математикалық талдауды меңгере бастаған. Ал 16 жасында Принстон университетінің аспирантурасына қабылданды. 20 жасында докторлық дәрежесін қорғап, 4 жылдан кейін профессор атанды.

Теренс Тао – математика саласындағы көптеген беделді марапаттардың иегері, соның ішінде 4 жылда бір рет табысталатын Филдс медалінің де лауреаты. Ол 10 жасында Халықаралық математикалық Олимпиадаға (IMO) қатысқан ең жас қатысушы ретінде тарихта қалды және қола медаль жеңіп алды – бұл рекорд әлі күнге дейін жаңарған жоқ.

Таоның 18 кітабы мен 300-ден астам ғылыми еңбегі бар. Ол әріптесі Бен Гринмен бірге жай сандардан тұратын кез келген ұзындықтағы арифметикалық прогрессиялардың бар екенін дәлелдеген  бұл сандар теориясындағы шынайы серпіліс болып саналады.

2025 жылы Теренс Тао көпшілік алдында ChatGPT оған күрделі математикалық есепті шешуде Python тілінде код жазып, бірнеше сағат жұмысын үнемдеуге көмектескенін мойындады. Бұл – жасанды интеллекттің "математика Моцартына" көмектескен сирек жағдайлардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу