Әлемдегі ең алып ұшақ сынақтан сәтті өтті

2547

Әлемдегі ең алып ұшақ сынақтан сәтті өтті

Өрт сөндіруге әрі суда құтқару жұмыстарына арналған, қытайлар ойлап тапқан әлемдегі ең алып AG600 ұшақ-амфибия алғашқы сынақтан сүрінбей өтті, деп хабарлайды islam.kz.

Аталмыш ұшу құралы Гуандун провинциясына қарасты Чжухай қаласының әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 09.38-де көкке көтерілген. Әуе кемесі көкте 64 минут болып, 3 мың шақырым биіктікке дейін көтерілген. Оны техникалық қызметкерлер отырған өзге ұшақтар қадағалап, бірге ілесіп жүрді.

Сынақ барысында ұшақтың маневр жасай алатынына, ақаусыз ұшуына назар аударылған. Аталмыш ұшақ бортында экипаждың 4 мүшесі болған.

Айта кетейік, Қытай мамандары AG600-ді өткен жылдың шілде айында құрастырып біткен еді. Бұл ұшақ теңіздегі тіршілік ортасына мониторинг жүргізуге арналған құрылғылармен жабдықталған, сондай-ақ, ол жолаушылар мен жүк тасымалдайды. Бұған қоса, қазба байлықтарды барлау, кен орындарын іздеу жұмыстарына да жарамды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу