Citroën деп аталатын француз автокөлік өндіруішісі әлемдегі ең арзан электрокарды жасап шығарды. Оған Ami деп атау беріліпті. Электромобиль сағатына 45 шақырым жылдамдықпен жүйтки алады. Ал түрі кір жуатын машинаға ұқсас.
Құрастырушылар бұл көлікті жасау барысында барынша үнемдеуге тырысқан. Мысалы, артқы және алдыңғы жағындағы шанағы бірдей етіп жасалған. Сонымен қатар оң жағындағы есік пен сол жағындағы есіктің пішіндері де бірдей. Компания осылайша қосымша бөлшектерге жұмсалатын шығынның көлемін қысқартып, электр қуатымен жүретін көлікті тұтынушыларға қол жетімді етпек ойда.
Ami 6 киловаттық электр қозғалтқышынан қуатталғандықтан квадроцикл болып есептеледі. Сондықтан оны Францияда 14 жастан бастап, Еуропаның басқа елдерінде 16 жастан бастап жүргізуші куәлігінсіз тізгіндеуге рұқсат етілген.
Электромобиль кішкентай аккумулятордың көмегімен жүреді. Бірақ оны 3 сағат бойы қарапайым рәзеткімен толықтай қуаттауға болады.
Табиғат Нұрболат