Әлемдегі ең биік көпір ашылды

1557

Әлемдегі ең биік көпір ашылды

Қытайда әлемдегі ең биік көпір ашылды. Оның биіктігі 565 метр, ал ұзындығы 630 метрден асады. Аспалы өткел Юньнань мен Гуйчжоу провинцияларының тас жолдарын жалғап тұр. Көпір екі өңір арасында ағып жатқан Ничжу өзенінің үстінен салынған. Алып нысанның құрылысы үш жыл бойы жүргізілді. Оған 140 млн доллар жұмсалған.  Жаңа көпір арқылы жол жүрген азаматтар енді көрші өңірлерге бір сағат ішінде жетеді. Ал бұған дейін сапар уақыты 4 сағатқа жалғасатын, деп жазады Хабар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу