Әлемдегі ең биік көпірді қай ел салып жатыр?

Жақында ғана көпірдің 215 тонна болатын алғашқы болат ферманы қойылған.  

Әлемдегі ең биік көпірді қай ел салып жатыр? Фото: Дзен

Хуацзян шатқалындағы нысанның құрылысы 2022 жылы басталған еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытайлық БАҚ кабельдік кранның салмағы шамамен 215 тонна болатын алғашқы болат ферманы белгіленген жерге дәл орналастырғанын хабарлады. Көпір келесі жылы пайдалануға берілуі мүмкін. 

Гуйчжоудағы Хуацзян шатқалы көпірінің биіктігі де таңғаларлық. 

– Ұзындығы – 2890 метр, су бетінен тік биіктігі – 625 метр болатын аспалы көпір. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол әлемдегі ең биік көпірге айналады, – деп жазады Қытайдан шығатын "Халық" газеті.

Хуацзян шатқалы көпірінің құрылысы 2022 жылы басталған. Аспалы көпір "Жер шарының жыртығы" деп аталатын Хуацзян атты үлкен шатқалға салынып жатқанымен де танымал. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу