Әлемдегі ең ірі айналмалы галактикалық жіп табылды

110

Ғалымдар зерттеу жүргізген. 

Әлемдегі ең ірі айналмалы галактикалық жіп табылды Фото: lookintothe.space

Астрономдар MeerKAT (MIGHTEE-HI) атты халықаралық жоба шеңберінде жүргізілген ғарыштық зерттеулер нәтижесінде жаңа айналмалы галактикалық жіпті анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Monthly Notices of the Royal Astronomical Society ғылыми журналына сілтеме жасаған АЗЕРТАДЖ хабарлауынша, бұл жіп 14 галактиканы байланыстырады әрі оның ұзындығы шамамен 5,5 миллион жарық жылына жетеді. Белгілі болғандай, галактикалық жіптер әлемдегі ең ірі белгілі құрылымдар болып саналады.

Кембридж университетінің ғалымы Мадалина Н. Тудораке бастаған ғылыми топ MIGHTEE-HI зерттеуі аясында HI галактикалар тізбегін анықтаған.

"Біз бұл жұмыста COSMOS аумағында z = 0,03 қызыл ығысу деңгейінде тұрған және MIGHTEE-HI зерттеуінде анықталған 14 HI-галактикалық жіп тәрізді құрылымды таптық", – дейді зерттеушілер.

Жалпы саны 14 галактика 9 230 бен 9 700 км/с аралығындағы сәуле жылдамдығы диапазонында орналасқан. Бұл галактикалар аспан сферасында солтүстік-батыс бағытынан шамамен 30 градус бұрышта орналасқан және ұзындығы 5,5 миллион жарық жылын, ал ені шамамен 117 мың жарық жылын құрайтын сызықты құрылымды түзеді.

Аталған галактикалық жіп жоқ дегенде 49 миллион жарық жылын қамтитын әлдеқайда ауқымды ғаламдық тор құрылымының құрамына кіреді. Бұл құрылымның қалыңдығы 2,6-3,3 миллион жарық жылына дейін жетеді, делінген зерттеуде.

Осы 14 галактика жіпке қатысты айқын бағытталған, яғни олар ғаламдық тордың өзегін құрайды. Бұл галактикалардың айналу моментінің (бұрылу бағытының) жіп тәрізді құрылыммен тығыз байланысты екенін көрсетеді.

Ғалымдар ашқан жаңалық аталған галактикалық жіпті осы уақытқа дейін анықталған ең ұзын әрі ең ірі айналмалы құрылымдардың біріне айналдырады.

"HI галактикаларының жіп бойында жиі кездесуі және олардың динамикалық температурасының төмен болуы оның әлі де дамудың ерте кезеңінде екенін дәлелдейді", – дейді ғалымдар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу