Әлемдегі ең ірі алмаз шахтасы жабылады

1385

Rio Tinto Group концерні Argyle деп аталатын алмаз өндіретін ең ірі кен орнын жаппақшы. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Әлемдегі ең ірі алмаз шахтасы жабылады

Дерек бойынша, әлемдегі алқызыл және қызыл гауһар тастардың 90 пайызы осы кен орнынан табылған.

Компанияның бұл шешімі 2011 жылы бағасы құлдыраған асыл тастар құнының қайта көтерілуіне әсер етуі мүмкін.

Өндірушілердің есебіне сүйенсек, қазір 150-ге тарта сапалы алқызыл алмаз бар. 2020 жылдың аяғында концерн өндірісті тоқтатып, кен орнын қалпына келтіру жұмыстарын бастайды.

Canaccord Genuity Group Inc. дерегі бойынша, Argyle өнімдерінің 75 пайызы қоңыр алмаздарға тиесілі, орташа бағасы – бір караты 15-25 доллар. Ал Rio Tinto Group-тың басты бақталасы De Beers компаниясы өндірген алмаздың бір караты 171 долларды құрайды.

Argyle кен орны 1983 жылы Австралияда ашылған болатын. Rio Tinto Group бағалы тастармен қатар темір өндірісімен айналысады. Аталған металл компания табысының 60 пайызын құрайды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу