Әлемдегі ең ірі тау-кен компаниясы елімізде барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр

163

Компания 2 млрд теңге инвестиция құйған. 

Әлемдегі ең ірі тау-кен компаниясы елімізде барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр

Әлемдегі ең ірі тау-кен компанияларының үштігіне кіретін Rio Tinto Ақтөбе облысында оннан астам учаскеде барлау жүргізіп жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің дерегінше, саладағы реформалар нәтижесінде елімізге ірі халықаралық компаниялар тартылды. 

"Әлемдегі ең ірі тау-кен компанияларының үштігіне кіретін Rio Tinto Ақтөбе облысында оннан астам учаскеде барлау жүргізіп, 2 млрд теңге көлемінде инвестиция құйды. Әлемдегі топ-ондыққа кіретін Fortescue компаниясы Ақтөбе, Қарағанды, Абай және Жамбыл облыстарында 32 учаскеде барлау жұмыстарын жүргізуде. Оның барлауға салған инвестициясы 4 млрд теңгені құрады.  Сонымен қатар, ВНР, Barrick, Teck Resources және First Quantum компаниялары халықаралық масштабтағы кен орындарын анықтау мақсатында геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізуде", – деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек KIGAM Корей институты Тау-Кен Самрұқпен бірлесіп Арал өңірінде литийдің таралуын зерттеуге кірісті. 

"10 компания құйған инвестициялар көлемі шамамен 41 млрд теңгені құрайды. Бұл 25 мың шаршы шақырымнан астам аумақты зерттеуді қамтамасыз етеді", – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу