Әлемдегі ең кәрі тасбақа 190 жасқа толды

848

Ол Гиннестің рекордтар кітабына енген. 

Әлемдегі ең кәрі тасбақа 190 жасқа толды Фото: 24.kz

Джонатан есімді бауырымен жорғалаушы Әулие Елена аралына 1882 жылы сыйға тартылған, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Ол құрлықтағы ең кәрі жануар болып есептеледі. Осындай танымалдылыққа ие болған тасбақа Гиннестің рекордтар кітабына да енген.

Қартайғандықтан Джонатанның денсаулығы сыр беріп жүр. Қазір ол иіс сезбейді. Оның үстіне, көздері де көрмейді. 190 жасқа толған жануардың туған күні аралда 3 күн бойы тойланбақ.

Губернатордың үйінде өтетін думанға онда тұратын барлық адам жиналады деп күтілуде. Джонатанға сыйлық ретінде тасбақа пішініндегі торт пісіріліп, оның өмірі жайлы анимациялық ролик көрсетілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу