Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

973

Ол 19 сәуірде көз жұмды.

Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

Әлемдегі ең қарт әйел, 119 жастағы жапониялық Танака Канэ өмірден озды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ТАСС мәліметінше, биыл 2 сәуірде Танака туған күнін атап өткен.

Жапониялық әйел 1903 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. Оның күйеуі мен үлкен ұлы Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болды. Ол өмір бойы соғысқа дейін ашылған күріш шелпегін сататын дүкенде жұмыс істеген. 1970 жылдары зейнетке шыққан соң бірнеше рет АҚШ-қа барған.

Танака шоколад пен газдалған сусындарды жақсы көрді, әрі ол 120 жасқа дейін өмір сүруді армандаған.

2005 жылдан бастап жапониялық әйел Фукуокадағы қарттар үйінде тұрды. Ол 103 жаста болғанда дәрігерлер оны қатерлікті ісіктен емдеп, ота жасаған. Содан бері әйелді басқа ауыр аурулар мазаламаған.

Фукуока префектурасының мәліметінше, әлемдегі ең қарт әйел ауруханада қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу