Мемлекет басшысы өзінен бастап, табысын 40%-ға қысқартты. Бұл туралы ВВС хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Либерия – әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Әрбір бесінші тұрғын күніне 2 доллардан аз ақшаға күн көреді. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, ел халқының жартысына жуығы кедейлікте өмір сүріп жатыр. Алайда мұндағы билік басындағылардың табысы жақсы.
Либерияның 2024 жылға арналған бюджетінде мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің жалақысына 40 млн доллар қарастырылған. Тек Президент Әкімшілігінің бюджеті 3 миллион долларға бағаланады. Салыстыру үшін бүкіл Либерияның білім саласын дамытуға 3,3 миллион доллар жоспарланған.
Ал Либерия президенті Джозеф Боакайдың жалақысы жылына 13 400 долларды құрайды, бірақ қысқартылғаннан енді ол жыл сайын шамамен 8 000 доллар алады.
Жалақысын 25%-ға қысқартқан бұрынғы президент Джордж Веа сияқты, Боакай да шығындарды азайтуға шешім қабылдады.
Бұл шешімді жариялаған ресми мәлімдемесінде ол "елдің қаржылық адалдығы мен қаржылық қауіпсіздігі жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін" бәрін жасайтынын атап өтті.