Әлемдегі ең құрғақ шөл гүлге оранды

3292

Әлемдегі ең құрғақ шөл гүлге оранды

Әлемдегі ең құрғақ саналатын Чилидегі Атакама шөлі қыста тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан гүлге оранды. Чилиліктер мен бүкіл әлем ғалымдары үшін бұл күтпеген жағдай, деп хабарлайды aktobenews.kz.

Ғалымдардың айтуынша, мұндай жағдай бұрын да орын алған. Мәселен, 2015 жылы қазанда толассыз жауған жаңбырдан соң Атакама шөлі 200 түрлі гүлге толды.
Атакама Ұлттық туризм қызметінің басшысы Даниэл Диастың айтуынша, орын алған құбылыс әлемдік климаттың өзгеруі салдарынан.

Атакама 400 жылдам астам уақыт бойы әлемдегі ең құрғақ шөл болып саналып келеді. Бұл жерде елеулі жауын-шашын байқалмаған. Аталған шөл йод, ас тұзы, мысқа бай.

Бұндай құбылыс адамзат тарихында екінші рет тіркеліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу