Мұндай тосын жайт ғалымдарды да толғандырып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қар жауғаны жайлы сол елдегі обсерваторияның хабарламасында айтылған. Мұны ТАСС басылымы жазды.
– Әлемдегі ең құрғақ Атакама шөлінде қар жауып жатыр! – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мәтінмен қоса видеокадрлар да жарияланған.
Белгілі болғандай, табиғаттың мұндай тосын мінезі бұл өңірде соңғы рет 10 жыл бұрын тіркелген екен. Демек, бұл – өте сирек кездесетін құбылыстың бірі.
Еске салайық, Атакама – таудың ең биік шоқысында орналасқан шөл. Ол жерде ылғал өте сирек түседі, сол себепті шөл обсератория салуға және ғарышты бақылауға өте қолайлы саналады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу