Әлемдегі ең қымбат автоөндіруші анықталды

1211

"Тойотаның" бағасы 41.5 миллиард долларға тең.  

Әлемдегі ең қымбат автоөндіруші анықталды

Жыл сайын 100 алпауыт компанияны жариялайтын Forbes-тың рейтингісінде қаржылай көрсеткіш маңызды. Капитализация мен акция бағасы есепке алынбайды, сондықтан Tesla тізімнен тыс қалды.

Автоөндірушілер арасында 41 млрд доллар тұратын Toyota (жалпы рейтингіде 11-орын) бірінші орында тұр. Mercedes-Benz 28.5 млрд доллар бағасымен екінші сатыда (жүздікте 23-ші). BMW (25.9 млрд доллар) автогиганттар үштігін түйіндеді.

Forbes-тың тізіміне 11 автокомпания кірген. Porsche (12.1 млрд доллар, +10 %), Chevrolet (11.3 млрд доллар, +5 %), Ford (11.2 млрд доллар, –14 %), Lexus (10.3 млрд доллар, +8 %), Hyundai (9.5 млрд доллар, +17 %) және Volkswagen (7.9 млрд долларов) тиісті орындарында жайғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу