Десерт қоспаларының бірі – ақ трюфель. Ол Италияның Альба қаласында өндіріледі, бір келісі 2 млн иен немесе 14500 долларға дейін жетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz CNN News-ке сілтеме жасап.
Жапонияның балмұздақ шығаратын Cellato брендінің веб-сайтында "ақ түн" джелатто деп жазылған. Бұл оның италиялық асханаға қатысын меңзейді.
"Ақ түн" деп аталатын мұздатылған десерт – бьякуьяның құны қазіргі уақытта 880 мың иен немесе 6380 долларды құрайды.
Балмұздақтың беті жеуге болатын "алтын" жапырақтармен, ірімшіктің екі түрімен және "Сакекасумен" - сакені дайындау процесі кезінде алынатын паста тәрізді қоспамен безендіріледі.
Cellato компаниясы өкілінің айтуынша, десерттің құрамын ойлап шығаруға 1,5 жыл кеткен. Мұндағы миссия дәмді қымбат десерт дайындау ғана емес, сондай-ақ аспаздық саяхат. Яғни еуропалық қоспаларды дәстүрлі жапон тағамдарымен үйлестіру.
Cellato веб-сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, десертті Жапонияда сатып алуға болады.