Әлемдегі ең қымбат брендтердің рейтингі жарияланды

160

Рейтингтің көшін Apple компаниясы бастады. 

Әлемдегі ең қымбат брендтердің рейтингі жарияланды Фото: postium.ru

20 қаңтарда Brand Finance консалтингтік компаниясы әлемдегі ең қымбат брендтердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Есептеулерге сәйкес, технологиялық алпауыттың құны 607,6 млрд долларды құрады.

"Apple бағасы 6%-ға өсті", – делінген Brand Finance жарияланымында.

Одан да жоғары өсім көрсеткен Microsoft 2-орынға жайғасты – компанияның құны 565,2 млрд доллар деп бағаланды. 3-орынды Google иеленді, оның құны 433,1 млрд доллар болды.

Алдыңғы үштіктен кейін Amazon орналасты – 369,9 млрд доллар. 5-орынды Nvidia иеленді – 184,3 млрд доллар. Ол бағасы шамамен екі есеге өскен TikTok, Walmart, Samsung және Facebook компанияларын басып озды. Өткен жылы Nvidia рейтингте тек 9-орында болған.

Сарапшылар YouTube-ты әлемдегі ең мықты бренд деп таныды, ал қытайлық WeChat 2-орынға шықты. Microsoft бренд қуаты бойынша Google мен LEGO-ны артта қалдырып, 3-орынға көтерілді.

Ең қымбат брендтердің жартысынан астамы АҚШ-қа, 15%-ы Қытайға, ал 5,6%-ы Германияға тиесілі.

Сондай-ақ, әлемдегі ең ірі әуе компанияларының бірі – Emirates 15 қаңтарда "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы, беларусиялық теннисші Арина Соболенкомен серіктестік келісім жасасқанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу