Дәрі екі жасқа дейінгі балалардың арқа бұлшық еті атрофиясын емдеуге арналған. Препаратты бір рет қана пайдалануға болады.
Zolgensma деп аталатын бұл дәрінің құны – 2,125 млн доллар.
Novartis сақтандыру компанияларына дәрінің құнын бес жыл ішінде тең бөліп төлеуге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ егер дәрі әсер етпеген жағдайда оған жұмсалған ақшаны жартылай қайтаруға уәде беріп отыр.
Салыстыру үшін айтатын болсақ, бұған дейін Luxturna атты препарат әлемдегі ең қымбат дәрі саналып келді, оның бағасы – 850 мың доллар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу