Әлемдегі "ең мейірімді судья" қайтыс болды

159

АҚШ-тың Род-Айленд штатында бұрынғы муниципалды судья Фрэнк Каприо 88 жасында дүниеден өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлемдегі "ең мейірімді судья" қайтыс болды Фото: lada.kz

Ол қоғам арасында "Әлемдегі ең мейірімді судья" деген атпен кең танылған.

Судьяның ресми Facebook парақшасында Фрэнк Каприо ұйқы безі обырымен ұзаққа созылған күрестен кейін көз жұмғаны хабарланды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде денсаулығының күрт нашарлап, ауруханаға қайта түскені жайлы бейнежазба да жариялаған еді.

Фрэнк Каприо қызмет еткен жылдары өзге әріптестерінен ерекше жанашырлығымен танылды.

Ол сот залын тек заңды орындататын емес, сонымен бірге адамдарға түсіністікпен қарайтын жерге айналдыруға тырысқан.

Айыппұлдарды жеңілдетіп, кейде кешірім жасай отырып, сот төрелігін мейірімділікпен ұштастырғаны үшін жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді.

Сонымен қатар, ол өз танымалдығын сот жүйесіндегі теңсіздік мәселелерін көтеру үшін де пайдаланған.

Марқұмның отбасы әлеуметтік желідегі жазбасында Фрэнк Каприоны "адал жар, әке, ата, арғы ата және нағыз дос" деп сипаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу