Сарапшылар 87 мың көлік иесінен алғашқы үш айда қандай мәселе туындағанын сұраған.
Жүргізушілердің жауабы талданып, жүздеген автокөліктің ақауына байланысты рейтинг құралды.
Бұл тізімде Kia мен Dodge көш бастап тұр. Маркаларға тиесілі әр жүз машинадан 136 кемшілік анықталған. Үздік ондық қатарында Chevrolet (141), Ram (141), Genesis (142), Mitsubishi (148), Buick (150), GMC (151), Volkswagen (152) және Hyundai (153) бар.
Көлік иелері лак-бояу сапасына, шанақ панельдеріне, салонның орындалуына, сонымен қатар дыбыс изоляциясына шағымданатыны белгілі болды.
Олжас Оқас
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу