Әлемдегі ең ұзақ әуе рейсі іске қосылды

127

China Eastern Airlines Шанхай қаласынан Буэнос-Айреске жаңа рейс ашты.  

Әлемдегі ең ұзақ әуе рейсі іске қосылды Фото: izvestia.ar

MU745 рейсі Пудун әуежайынан түнгі 2-де ұшып, Оклендте екі сағат аялдап, 25 сағат 55 минутта Аргентина астанасына жетеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Екі бағыттың жалпы ұзақтығы шамамен 20 мың шақырым. Кері бағыттағы MU746 рейсі 29 сағатқа созылады.

Әуе компаниясы бұл маршрутты Жердің бір-біріне қарама-қарсы нүктелеріндегі екі қаланы тікелей байланыстыратын әлемдегі алғашқы коммерциялық бағыт деп жариялады.

Рейс аптасына екі рет Boeing 777-300ER әуе кемесімен орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу