Финляндия парламенті 34 жастағы Санна Маринді үкімет басшысы етіп тағайындады. Ол бұған дейін басқарушы социал-демократиялық партия жетекшісінің орынбасары болып қызмет етіпті. Осылайша Марин әлемдегі және Финляндия тарихындағы ең жас премьерге айналды.
Euronews дерегіне сүйенсек, 200 депутаттың 99-ы оны қолдап дауыс берсе, 70-і қарсы болған.
"Біздің мақсат – экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жағдайы мықты қоғам құру. Біз теңдікті нығайтып, білім беру жүйесін жақсартуға тырысамыз. Финляндияның әр азаматы арманына қол жеткізе алатын елге айналғанын қалаймыз. Осы орайда Еуроодақ пен әлемдік ұйымдардағы жұмысымызды жалғастыра береміз",– деді Марин журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетейік, ел президенті Саули Ниинисте Маринді үкімет басшысы етіп бекітіп қойды.
Табиғат Нұрболат