Әлемдегі коронавирус: Түркия мен Ресейде індет жұқтыру көрсеткіші күрт өсті

1350

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК әлемдегі коронавирус індетінің таралуына қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Әлемдегі коронавирус: Түркия мен Ресейде індет жұқтыру көрсеткіші күрт өсті

Түркияда COVID-19 індетін жұқтыру оқиғаларының тәуліктік өсімі 25 мыңға дейін жетті. 126 адам қайтыс болды. Шілде айының басынан бастап инфекция бес еседен астам өсті. Қаңтарда Түркияда қытайлық CoronaVac вакцинасымен коронавирусқа қарсы жаппай иммундау басталған еді. Наурыздан бастап ел Pfizer препаратын қолдана бастады. Сәуір айының соңында ресейлік "Спутник V" вакцинасын жедел пайдалануға рұқсат етілді. Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде коронавирустық вакциналардың алғашқы дозасын 41 миллионнан астам азамат алған. Екі дозаны да алғандар саны – 27 миллионнан асты.

Ресей астанасында коронавирус инфекциясының таралуының күрт өсуі тіркелді. Науқастар саны үштен бір бөлікке артты. Өткен тәулікте - SARS-CoV-2 вирусын жұқтырған 3 330 адам тіркелді. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 816 жағдайға көп. Пандемия кезінде Мәскеуде 1 511 940 инфекция жұқтыру дерегі тіркелді, 25 779 тұрғын көз жұмды. Ресей Федерациясында пандемия басталғалы коронавирус инфекцияны жұқтырудың 6 312 185 жағдайы тіркелді, 160 137 адам қайтыс болды.

Германиядағы коронавирус жағдайы туралы Роберт Кох институты ақпарат таратты. Соңғы 24 сағат ішінде елде коронавирустық инфекциясы бар 847 жаңа науқас және бір адам қазасы тіркелген. Пандемия кезінде Германияның 3 772 109 тұрғынында коронавирус анықталған. Германияда COVID-19 диагнозымен қайтыс болған науқастардың саны 91 600 адамды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу