Әлемдегі өмір сүруге ең жайлы қала қайсы?

509

Numbeo сервисі әлемдегі қалалардың жайлылық рейтингісін анықтады.

Әлемдегі өмір сүруге ең жайлы қала қайсы? Фото: wikiway.com

Порталдың рейтингі бойынша, нидерландтық Гаага әлемдегі өмір сүру үшін ең жайлы қала ретінде танылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қазақстан қалаларынан бұл тізімге тек бір ғана қала енген - Алматы. Ол жайлылық рейтингінде 85,1 ұпаймен 179-орынға табан тіреген.

Сервис мәліметтерді нақты уақыт тәртіптемесінде жаңартып отырады. 215,9 ұпай жинаған Гаага бірінші орынға шықты. Екінші орынды Нидерландтың тағы бір қаласы - Роттердам иеленді, үздік үштікке Люксембург кірді. Сосын Валенсия, Амстердам, Вена, Хельсинки, Мадрид, Копенгаген және Рейкьявик үздіктер тізімін ары қарай жалғастырды.

Рейтинг соңында Нигерияның Лагос және Филиппиннің Маниласы тұр, олардағы жайлылық индексі 50-ден төмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу