Әлемдегі үздік компаниялардың бірі Қазақстанның атом электр станциясын салу жоспарына қызығушылық танытты

735

Бүгін Нұр-Сұлтанда компания басшыларының кездесуі өтті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы еліміздің оңтүстігінде уран өндіретін KATCO бірлескен қазақстандық-француз кәсіпорнының жұмысына арналды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Самұрық-Қазынаның" ресми ақпарат көзіне сілтеме жасап.  

Әлемдегі үздік компаниялардың бірі Қазақстанның атом электр станциясын салу жоспарына қызығушылық танытты

Цифрландыруды барынша жетілдіріп, шешім қабылдау процесін жеңілдету қажеттілігі атап өтілді.

Орано аймақта KATCO өнеркәсіптік нысандарын пайдалану үшін 12 МВт күн электр станциясын салуды ұсынады. Бұл "Самұрық-Қазына" АҚ төмен сатылы көміртекті игеруге арналған жоспарына толық келетін жоба.

Сонымен қатар тараптар күкірт қышқылын өндіру жобасын жүзеге асыру перспективаларын, сондай-ақ Ораноның шетелдік жобаларына бірлескен инвестиция тарту мүмкіндіктерін де талқылады.

Француз тарапы Қазақстанда таза энергия көзі ретінде атом электр станциясын салу жоспарына үлкен қызығушылық танытты.

"Қазір бұл бастама пысықталуда, соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Қалай болғанда да, біз энергия көздерін әртараптандыруға және теңгерімді энергетикалық тұрақтылықты құруға ниеттіміз. Мақсатымыз ядролық қана емес, сонымен бірге газ және жаңартылатын қуат көздерін дамыту", – деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кетсек, Орано (бұрынғы Areva) – француз трансұлттық корпорациясы, ядролық отын өндірісі бойынша әлемдік үздік компания. "КАТКО" БК" ЖШС – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ ("Самұрық-Қазына" АҚ құрамына кіреді) мен "ОРАНО Майнинг" АҚ бірлескен кәсіпорны. KATCO Түркістан облысындағы Мойынқұм кен орнында уран өндіреді. Бұл әлемдегі ең ірі уран өндіруші кәсіпорындардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу