Әлемді аралап келе жатқан World Press Photo көрмесі Шымкентке тоқтады

645

 Көрме 45 елдің 100 қаласын араламақ, 125 елдің тілшілері түсірген фотосуреттер назарға ұсынылады.

Әлемді аралап келе жатқан World Press Photo көрмесі Шымкентке тоқтады

Шымкентте World Press Photo көрмесі өтіп жатыр. 1995 жылдан бері әлемнің әр қаласында "саяхаттап", көрме өткізетін жоба –  фотожурналистердің үздік кадрлары бұған дейін еліміздің 3 қаласында болған. Астана, Алматы мен Өскеменді аралап келген туындыларды енді қала тұрғындары 2 апта бойы тамашалай алады, деп хабарлайды kz.otyrar.kz.

Өртке оранған жігіт, ереуілге шыққан жұрт, жарылыстан жақындарын жоғалтып жылаған адамдар. Мұның барлығы да әлем фотожурналистері түсірген кадрлар. Көрме 45 елдің 100 қаласын араламақ, 125 елдің тілшілерінің фотосуреті назарға ұсынылады.

23 жылдан бері өткізіліп келе жатқан байқауға тек фотожурналистердің тың туындылары түседі. Жарысқа 4,5 мың фотосуретші қатысса, оның 42-сі ғана жүлдегерлер қатарына кіреді екен.

Ал, биыл ең үздік деп венесуэлалық Роналдо Шемидтің туындысы танылған. 2017 жылдың 3 мамырында нысанаға алынған оның кадрында газтұтатқыш киіп, жүгіріп бара жатқан жігіт түсірілген. Бұл бейнеде 28 жастағы Хосе Виктор Саласар Балса үкіметке қарсы шеруге қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу