Испаниялық Аранча Санчес Викарио мен оның бұрынғы күйеуі банктердің біріне қарызын төлеуден жалтару мақсатында активтерін жасырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, олар 6,6 миллион евро көлемінде өтемақы төлеуі қажет. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда, жаза шартты түрде (мерзімі екі жыл, айыптаушы тарап төрт жыл сұраған), ал спортшы алаяқтық бойынша айыпты деп танылды.
Сонымен қатар, Каталония сотының шешімі бойынша, Санчес-Викарио Люксембург банкіне 6,6 миллион еуродай өте төлеген жағдайда сот жазасынан толықтай таза ақталады.
Айта кету керек, Санчес-Викарио Grand Slam турнирлерін 14 рет жеңіп, Олимпиаданың екі рет күміс және екі рет қола жүлдесін иеленген болатын.
Сондай-ақ, ол өз мансабының шыңында және әлемдік рейтингте жеклей де, жұптық сында да көш бастаған.