Франциялық байкер Тьерри Флойд Монғолия, Астраханьмен жүріп өтіп, Шымкентке жетті, деп хабарлайды otyrar.kz.
Шетел азаматы қазақ жерінде еш кедергісіз жүріп отырғанын, халықтың қонақжайлығын атап өтті. Саяхатшыны әр өлкеде туризм орталығының өкілі қарсы алып, тарихи-мәдени орындарды тамашалауына жағдай жасаған.
"Қазақстанды көру мен үшін арман еді. Міне, оңтүстік өңірінде, Шымкенттемін. Өте қуаныштымын. Қазақстаннан кейін Украинаға жол жүремін. Жол бойы тұрғындармен кездесіп, олардың салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысуға тырысамын. Әзірше ешқандай қиындық жоқ",– дейді Тьерри Флойд.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу