Әлемді мойындатсам да, әйелдің сөзін сөйлейтін адаммын – Елдос Сметов

679

Францияда өткен Олимпиадада алтын медальге ие болған Елдос Сметов өзін "мамасының баласы" деп айыптайтындарға жауап берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлемді мойындатсам да, әйелдің сөзін сөйлейтін адаммын – Елдос Сметов Фото: http://fdk.kz/

"Қазаққа мәлім деген ер азаматтардың артында әйел тұрады. Батыры болсын, ғалымы болсын солай. Анасының дұғасының арқасында жетістікке жетеді. Кім не десе о десін, анам үшін соңына дейін барамын. Әйелдің сөзін сөйлейтін адаммын. Қанша жерден әлемді мойындатып, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпион болсам да, анамнан асып кете алмаймын. Анамды құрметтегеннен жаман болғаным жоқ", – дейді спортшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу