Әлемдік акциялар нарығы 4 күннің ішінде 4 триллион доллардан айырылды. STOXX 600 еуропалық қор индексі 6 айдан бері төмендеуде. Инвесторлар құнды қағаздарын нарықтан алып, алтын мен мемлекеттік облигацияларға жаппай айналдырып жатыр. Бұл туралы "Рейтер" агенттігі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпанда АҚШ-тағы "Эс-энд-пи 500" және "Доу-Джонс" индекстері 5 пайызға дейін құлдырап, әлемдік қор нарықтарын аяқ астынан дүрліктіріп, азиялық акцияларды да рекордты көлемде төмендетіп жіберген еді. Осыдан кейін шикізат тауарлары да құнсызданды. Акциялардың құлдырауына Федералдық қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемелерді көтеру мүмкін деген қорқыныш себеп болуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу