BILD мәліметінше, бұған дейін тағы 16 әуе компаниясы Израильге рейстерін тоқтатқан болатын. Кейбір авиакомпаниялар рейстерді дүйсенбіге дейін, ал кейбірі келесі ескертуге дейін тоқтататынын жариялады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, неміс әуе компаниясы Lufthansa Тель-Авив пен Тегеранға рейстерді тоқтатуды 2 қыркүйекке дейін ұзартады, ал Бейрутқа рейстер 30 қыркүйекке дейін тоқтатылады.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы тәулікте қақтығыс күшейй түскен. Мәселен, бүгін Израильдің Ливан аумағына шабуыл жасап жатқаны мәлім болды.
Кейін израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, Хезболла Израильдің солтүстігіне 320 зымыран атқылаған.