Әлемдік БАҚ ШЫҰ саммиті туралы хабар таратты

229

Елордаға 150 шетелдік БАҚ-тың 700 өкілі келді.

Әлемдік БАҚ ШЫҰ саммиті туралы хабар таратты Фото: Ақорда

Астанадағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне 200-ге жуық отандық журналист тіркелді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының 24-ші саммитінен 33 мемлекеттен келген 150 шетелдік БАҚ-тың 700 өкілі ақпарат таратып жатыр. Олардың арасында: Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, БАӘ, Түркия, Түрікменстан, Ұлыбритания, Жапония, Италия, Германия, Франция, Сербия, АҚШ, Малайзия, Испания, Норвегия, Чехия, Оңтүстік Корея, Йемен, Мысыр, Иордании, Ливан, Канада және Сингапур елдерінің журналистері бар", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Берік Уәли журналистердің ыңғайлы жұмыс істеуі үшін 3 баспасөз орталығы Тәуелсіздік сарайында, Бейбітшілік және келісім сарайында және Ұлттық музейде жасақталғанын атап өтті.

"Бүгінгі маңызды халықаралық іс-шараға 200-ге жуық отандық журналист тіркелді. Атап айтқанда, 13 телеарнадан, 28 интернет ресурстан, 6 басылымнан келген әріптестеріміз саммиттен ақпарат таратып отыр", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу