Әлемдік экономика тез қалпына келеді

761

Аналитиктер 2025 жылға дейін індетпен күреске шамамен 35 триллион доллар жұмсалады дегенді айтты.

Әлемдік экономика тез қалпына келеді

Жаһандық экономиканың қалпына келуі бұған дейінгі болжамға қарағанда қарқындырақ болады. Morgan Stanley сарапшылары осындай пікірде.

Олардың пікірінше, әлем экономикасы коронавирус пандемиясына бейімделіп, қандай қадам жасау керектігін үйренген көрінеді. Инвестициялық банк америкалық экономика дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге 2021 жылдың екінші тоқсанында, ал дамушы елдер үшінші тоқсанда жетеді деп отыр. 

Дегенмен індет әзірге басыла қойған жоқ, бірқатар ел экономиканы қолдау мақсатында қыруар қаражат бөліп жатыр. Аналитиктер 2025 жылға дейін індетпен күреске шамамен 35 триллион доллар кетеді дегенді айтты. Қазір экономика сәл де болса оңалып келеді, бірақ келешекте жұмыспен қамту қарқыны  бәсеңдейді деген күдік бар. 

Табиғат Нұрболат
Фото: standard.co.uk

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу