Әлемдік экономиканың қалыпқа келуі ұзаққа созылады

591

Халықаралық валюта қоры осыған қатысты болжамымен бөлісті.

Әлемдік экономиканың қалыпқа келуі ұзаққа созылады Фото: reuters.com

Пандемия кесірінен әлемдік экономикаға келген шығын жаздың бас жағында көбейген. Сәуір айында болжанған межеден асып кетті. Халықаралық валюта қоры 2020 жылы әлемдік ЖІӨ 4,9%-ға қысқарады деп отыр. Бұған дейін қор небәрі 3%-ға азаяды деп топшылаған еді.

Қытайдан басқа елдердің барлығында да өндіріс қысқарады. Әлемдегі ең ірі экономика саналатын АҚШ елінде ЖІӨ жыл соңына дейін 8%-ға кемиді. Ал Қытайдікі болса, керісінше, 1%-ға өспек. Бұл мемлекет бірінші болып пандемияны бастан кешірді. Сарапшылардың пікірінше, Қытай басқа елдерге қарағанда бірінші болып дағдарысқа дейінгі өмірге оралған, сондықтан өндірісі де тез оңалып отыр.
Қордың дерегінше, Еуроаймақ экономикасының ЖІӨ 10,2%-ға құлдырамақ. ЕО-ның алпауыт экономикасы, яғни Германияның ЖІӨ биыл 7,8%-ға қысқарады. Одаққа мүше бірқатар елдің экономикасы 13%-ын жоғалтады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу