Бұл туралы бүгін, 27 желтоқсанда Британдық кәсіпкер, TSG спорт менеджменті агенттігінің акционері Фрэнк Халид Twitter-де хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
"Пеле туыстарымен және достарымен қоштасты. Футбол аңызы онкологиямен күресте біртіндеп жеңіліп келеді, жақындары оның жағдайы қайтадан нашарлады деп мәлімдеді", - деп жазды Халид.
82 жастағы бразилиялық спорт жұлдызы қатерлі ісікке шалдыққан, сонымен қатар бүйрек және жүрек дисфункцияларына байланысты қарқынды күтімді қажет етеді.
Бұған дейін БАҚ Пеленің ағзасы химиотерапияны қабылдауды тоқтатқанын және оған паллиативтік көмек көрсетілетінін хабарлады.
2022 жылы Пеле үш қатерлі ісікті (ішек, бауыр және өкпе), сондай-ақ зәр шығару жолдарының инфекциясын емдеуге байланысты екі рет ауруханаға жатқызылды.