Әлемдік футболдың басты трофейі Алматыға санаулы сағат аялдайды

Мұндай тосын жаңалықты Алматы қаласы әкімдігінің ресми парақшасы хабарлап отыр. 

Әлемдік футболдың басты трофейі Алматыға санаулы сағат аялдайды Фото: Алматы әкімдігі

26 қаңтар күні қала әлемдік футбол қоғамдастығының назарында болмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Өйткені, сол күні Алматыға FIFA World Cup түпнұсқа кубогы жеткізіледі. Бұл бірегей іс-шара мегаполис тұрғындары мен қонақтарына әлем футболының басты нышанын көзбе-көз көруге мүмкіндік сыйлайды. 

– Трофей көрмесі Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық тур аясында өтеді. Іс-шара бұқаралық спортты дамытуға және жастар арасында футболды кеңінен танымал етуге елеулі үлес қосады, – делінген Алматы қаласының ресми парақшасында. 

Бұл оқиғаның бірегейлігі әрі ерекше айта кетерлігі – трофейдің Алматыда небәрі бірнеше сағат ғана болуы.

Сол себепті, бұл іс-шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін шын мәнінде сирек әрі аса маңызды сәт болып саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу