Әлемдік Grand Slam: Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды

805

Әлемдік Grand Slam: Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды

Бүгін Жапонияның Осака қаласында дзюдодан жылдың қорытынды турнирі -Grand Slam бәсекесі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде екі қазақ балуаны татамиге шығып, екеуі де ресейлік балуанға жол берді, деп жазады Olympic.kz. 

60 келіде ел намысын қорғау Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа тапсырылған болатын. Бір қызығы, жеребе бойынша екі спортшымыз да бір топқа түсті. Қырғызбаев алғашқы белдесуінде-ақ ресейлік Яго Абуладзеге есе жіберсе, Сметов алдымен Непал және Моңғолия балуандарын ұтты.

Өкінішке қарай, топтағы шешуші белдесуде Сметов те Абуладзеден айла асыра алмады. 

Осылайша, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Ол қола медальға күресу құқығына ие болу үшін жапондық Шишиме Туремен белдеседі.

Естеріңізде болса, тап осы балуанды Елдос 2015 жылғы әлем чемпионатында жеңген болатын. 

Жартылай финалға Жапонияның қос балуаны, Оңтүстік Корея мен Ресей өкілдері өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу