Құрлықтық хоккей лигасының тұлпарлары "Барыс Аренада" бас қосатын болды, деп хабарлайды khabar.kz.
10 қаңтарда Еуразия мықтылары Астанада бас қосады. Шараға құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін 27 клубтан 48 спортшы қатысады. Дені әлемге танымал. Олар 4 командаға іріктеліп, өзара мықтыны анықтамақ.
Дүбірлі додада елордалық "Барыстан" үш бірдей ойыншы бақ сынамақ. Команда капитаны Найджел Доус, қорғаушы Кевин Далман мен құрлықтық хоккей лигасы үздіктерінің бірі – шабуылшы Линден Вей.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу