Әлемдік инфляцияның шарықтау шегі де әлі өте қойған жоқ

590

Елдегі қымбатшылыққа әсер еткен негізгі сыртқы фактор – жеткізу тізбегінің бұзылуы. 

Әлемдік инфляцияның шарықтау шегі де әлі өте қойған жоқ Фото: inform.kz

Әлемдік брендтер Ресейден кетіп, Қазақстан жаңа жеткізушілерге қайта бағдарлануда. Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сыртқы факторлар ұсыныс жағында шоғырланып жатыр. Жеткізу тізбегінде үзіліс болды. Әлемдік брендтер Ресейден кетіп жатыр. Ал, Қазақстан жаңа жеткізушілерге қайта бағдарлануда. Мысалы, біздің ел тұрмыстық химия өнімдерін Ресей Федерациясынан жеткізіп отырды, ал енді бұл тауарларды ауыстыру үшін уақыт қажет. Үйреншікті маршруттардан бас тарту керек, жаңа жеткізу желілерін салу керек, ол қымбатқа шығуы да мүмкін. Сол кезде сұранысқа сай тиісті ұсыныс болмай қалуы ғажап емес, бұл өз кезегінде инфляцияның өсуіне алып келеді. Оның үстіне әлемдік инфляцияның шарықтау шегі де әлі өте қойған жоқ. Сыртқы жағдайларға бұл құрылымдық түзету аз шығынмен жүргізілгені дұрыс, сонда бағаның өсу қарқыны бәсеңдеп, 2023 жылға қарай төмендеуі керек", – деп түсіндірді ҰБ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу