Әлемдік ірі компаниялар Қазақстанға инвестиция салуға ниетті - министр

1062

Әлемдік ірі компаниялар Қазақстанға инвестиция салуға ниетті - министр

Азаматтық авиация саласында жолаушылар ағынының тұрақты өсім қарқыны сақталуда. 2018 жылдың 6 айында тасымалданған әуе жолаушыларының өсімі 19%-ды немесе 3,8 млн адамды құрады (2017 жылы 3,2 млн адам). Бұл туралы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуінің қорытындысы ретінде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.                 

Халықаралық бағыттарға ұшу географиясы кеңеюде.   

"Былтыр 10 жаңа халықаралық әуе қатынасы ашылды. Биыл жыл басынан бері 12 халықаралық маршрут ашылды. Оның ішінде қазақстандық әуе тасымалдаушылар Атырау-Франкфурт, Астана-Қазан, Астана-Тюмень, Астана-Вильнюс, Астана-Челябинск, Астана-Краснодар, Астана-Томск, Астана-Сочи бағыттарын орындайды. Сондай-ақ шетелдік тасымалдаушылар орындайтын Рига-Алматы ("AirBaltic"), Новосибирск-Павлодар ("Сибирь"), Красноярск–Алматы ("Ангара"), Мәскеу-Қызылорда ("Аэрофлот") жаңа әуе маршруттары ашылды", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. 

Министрлік геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы дәйекті реформаларды жүзеге асырады. Посткеңестік кеңістікте алғаш австралиялық модельді тау-кен өнеркәсібіне енгізу жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа заңнама қабылданды. Жер қойнауын пайдалану кодексі биыл 29 маусымда күшіне енді, ал қазір Riotinto, Iluka, Freeport-Macmoran және тағы басқа да тау-кен өнеркәсібіндегі ірі әлемдік компаниялар Қазақстанға инвестиция салуды қарастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу