Әлемдік қайырымдылық рейтингінде қазақстан мәртебесі артты

1326

Әлемдік қайырымдылық рейтингінде қазақстан мәртебесі артты

Қазақстан биыл қайырымдылық жасау жағынан 135 елдің арасынан 87-і орынды иеленді. Бұл мәліметті Charities Aid Foundation халықаралық қайырымдылық қоры жариялады. Аталмыш рейтингте ТМД елдері ішінде Қырғызстаннан қалып, Ресейден озыппыз. Мұндай көрсеткішті мамандар кәсіптің дамуымен, мемлекеттік және жеке компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігінің өсуімен байланыстырады.

Отандық қайырымдылық нарығы 300-400 млн теңге деп бағаланып отыр. Тек, былтырғы жылы Аяла қоры 323 млн теңге жинаған. Бұл қаражат толықтай әлеуметтік жобаларға жұмсалған. Айта кететін жәйт, қайырымдылық жасап жатқан тек меценаттар ғана емес, қарапайым азаматтарда жетерлік. Тек, аз қамтылған отбасыларға арналған "Мектепке жол" атты акциясына қатысушылар саны 300-ге жуықтаған.

Екатерина Юрченко, Алматы қаласының №79 мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі директоры:

"Бүгінгі таңда біз барлық компанияларға хат жаздық. Меценат , кәсіпкерлерменмкелісімге келдік. аз қамтылған, көпбалалы отбасылар саны 28 болған. Биыл сол үйлердің балалары мектепке толық дайындықпен келді. Барлығы киіндірілді. Кеңсе тауарларымен қамтылды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу