Әлемдік кинокомпаниялар Қазақстан нарығына қатысуға ниет білдірді

1166

Әлемдік кинокомпаниялар Қазақстан нарығына қатысуға ниет білдірді

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанға Голливуд инвестициясын тарту туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біздің міндетіміз әлемнің жетекші кинокомпанияларымен шедевр түсіру. Жақында ғана Лос-Анджелесте Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмін, классикамыз - "Қыз Жібекті", Рүстем Әбдірашевтің "Алмас Қылышын" және Елбасы туралы "Балалық шағымның аспаны" туындыларын көрсеттік. Өздеріңіз жаңалықтардан көргендей, фильмдер елеулі табысқа қол жеткізді. Көрсетілім кезінде әлемдік кинокомпаниялардың жетекшілерімен жүздестік. Paramount Pictures, Warner Brothers, HBO, Disney сынды кинокомпаниялардың вице-президенттері Қазақстан нарығына қатысуға ниет білдірді. Яғни, олардың инвестициялары мен шығармашылық әлеуетін Қазақстанға әкеле аламыз", - деді министр парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында.     

Оның айтуынша, қазақстандық прокаттағы отандық кино үлесі 6 пайызды құрайды. 2014 жылдан бастап, министрліктің тапсырысы бойынша, 194 картина шығарылды. Үш жылда 200-ден астам картина көптеген фестивальдер мен халықаралық көрсетілімдерге қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу