Әлемдік компьютерлер нарығы 12,8% қысқарады

Халықаралық IDC компаниясы осындай болжамын жариялады. 

Әлемдік компьютерлер нарығы 12,8% қысқарады Фото: d-russia.ru

Сұраныстың төмендеуіне инфляцияның жоғарылауы, пандемиядан кейін экономиканың құлдырауы әсер еткен.

Сонымен қатар Қытайдағы локдаун әсерінен бөлшектерді жеткізудің кешігуі, геосаяси жағдай алдағы жылдары да дербес компьютерлер мен планшеттерге сұранысты азайтады.

Айта кетейік, компьютер өндірі бойынша әлемде $600 млрд доллардың өнімін экспорттайтын Қытай мен $160 млрд доллардың өнімін сататын АҚШ көш бастап тұр. 

ТОП-5-елдер қатарына Германия, Нидерланды мен Оңтүстік Корея да кіреді.

Қазақстан да компьютер шығарады. 2020 жылдың қаңтарында 538 цифрлы техника өндірілді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу