Әлемдік құқық қорғау ұйымы Израильді геноцид жасады деп айыптады

161

Алайда Израиль геноцид туралы айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Әлемдік құқық қорғау ұйымы Израильді геноцид жасады деп айыптады Фото: Radar Armenia

Amnesty International Израильді Газа секторында геноцид жасады деп айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құқық қорғау ұйымының 296 беттен тұратын баяндамасы "Израильдің Газа секторындағы палестиналықтарға қарсы геноциді" деп аталады. Онда Израильдің қазіргі әрекетін палестиналық Хамас тобының 2023 жылдың 7 қазанында жасаған шабуылымен ақтауға болмайтыны жазылған.

"Біздің тұжырымдар халықаралық қоғамдастықты оятып, бұның геноцид екендігін дәлелдеу қажет. Сондықтан оны дереу тоқтату керек", – деді Amnesty International басшысы Аньес Калламар.

Алайда Израиль бұл айыптауларды жоққа шығарып, үзілді-кесілді бас тартты.

"Amnesty International ұйымы тағы да жалған есеп берді. Өткен жылдың 7 қазанында геноцидтік қырғынды Хамас лаңкестік ұйымы біздің азаматтарға қарсы жасады. Содан бері Израиль халқын күн сайын жеті түрлі майдан шебінен шабуыл жасалады. Израиль халықаралық құқыққа сәйкес бұл шабуылдардан өзін қорғайды", – деп хабарлады елдің Сыртқы істер министрлігінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу