Әлемдік мұнай бағасы арзандады

105

Бұған ОПЕК+ елдерінің шешімі әсер етті.  

Әлемдік мұнай бағасы арзандады Фото: economymiddleeast.com

Әлемдік мұнай бағасы құлдырады. Оған ОПЕК+ елдерінің биылғы маусымнан бастап мұнай өндіру көлемін жылдам ұлғайту туралы шешімі себеп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакске сілтеме жасап.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері барреліне 2,12 долларға төмендеп, 59,17 доллар болды. Бұл – жыл басынан есептегенде ең төменгі көрсеткіш.

WTI маркалы мұнай NYMEX биржасында барреліне 56,09 долларға сатылып жатыр. Бұл 2,2 долларға төмен.

Ресми мәліметке сәйкес, бұған дейін ОПЕК+ ұйымына мүше елдер 2025 жылдың маусымынан бастап өндірісті тәулігіне 411 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады.

Бастапқыда олар мұнай өндірісін 2026 жылдың қыркүйегіне дейін ай сайын тәулігіне 135-140 мың баррельге біртіндеп арттыруға келісті. Бірақ та, сәуірде бұл көрсеткіш үш есеге артып, 411 мың баррельге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу