Жұма күні бұл келісімшарттар 1,76 долларға арзандап, барреліне 73,87 доллар болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс басылымына сілтеме жасап.
Желтоқсан айына арналған WTI мұнай фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында 0,31 долларға төмендеген, осылайша баррелі үшін 70,07 доллар құрады. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша бұл келісімшарттардың құны 1,98 долларға азайып, 70,38 доллар болды.
Өткен аптада халықаралық бенчмарк 1,1% жинаса, Солтүстік Америкалық нұсқасында бұл көрсеткіш 1,3%-ға тең.
Әлемдегі ең ірі мұнай импорттаушы – Қытайдың экономикасына қатысты алаңдаушылық нарыққа әсер етіп жатыр.